Қазақстандық ЮНЕСКО Клубтар Федерациясы
қолдауымен өтетін
"Сөздің сиқырлы күші " облыстық
көркем сөз байқауының
НҰСҚАУЫ

Ұймдастырушы: ЮНЕСКО қолдауымен
"Қалалық оқушылар Сарайы" МКҚК
Өткізілетін орны: "Қалалық оқушылар Сарайы" МКҚК көрермен залы
Өткізілу мерзімі: 18.04. 2022 ж., сағ 10.00-12.00, 14.00-17.00
Марапаттау: 19.04.сағ. 15.00

Мақсат: Әдеби шығармашылықты насихаттау арқылы балалардың тіл мен әдебиетке, мәдениетке деген ықыласын арттыру.
Міндеттері:
- еліміздің рухани бірлігін және өскелең ұрпақтың патриоттық сезімін нығайту;
- дарынды балаларды анықтау, қолдау көрсету және балалардың шығармашылығын дамыту, ынталандыру;
- байқау кезінде адал бәсекелестік қалыптастыру.
1. Байқаудың өткізілу шарттары мен тәртібі:
1.1. Еркін тақырыпта қазақ немесе әлем ақын-жазушыларының шығармаларын мәнерлеп оқу.
1.2.Байқауға жалпы орта, қосымша білім беру ұйымдарының оқушылары қатыса алады.
1.3.Әр мекемеден әр жас ерекшеліктерінен 1 оқушыдан қатыстырылады (мүмкіндігінше).
1.4. Оқылатын шығарма мемлекеттік және орыс тілдерінде орындалады.

2. Жас ерекшеліктері:
І топ 6-9 жас - өлең оқу (2 минуттан аспау керек);
ІІ топ - 10-13 жас – поэзия немесе прозадан үзінді оқу(3 минуттан аспау керек ;
ІІІ топ - 13-16 жас - поэзия немесе прозадан үзінді оқу
-3-5минут аралығында.