Қазақстандық ЮНЕСКО Клубтар Федерациясы

қолдауымен өтетін

Облыстық «Біздің  тату жанқя»

жас суретшілер байқауының нұсқауы

 

1.Мақсаты:

  • Балаларға өзінің жанұясын, оның бірлігін, татулығын, жақын адамдардың қарым-қатынасын көркем өнер құралдары арқылы көрсетуге мүмкіндік беру.
  • Дарынды балаларды  анықтау және оларға  қолдау көрсету.
  • Балалардың шығармашылық белсенділігін арттыру, насихаттау.

 

  1. Байқауға қатысушылар :
  • Байқауға әр жас санатына қарай 1 қатысушыдан жалпы білім беретін мектептерінің 2-7 сынып оқушылары шақырылады.
  • Қосымша білім беру ұйымдарының бейнелеу өнер үйірмесінде    білім   алушыларға қатысуға болмайды.
  • Қатысу ақысыз.

 

  1. Жұмысты бағалау шарттары:
  • Орындау ерекшелігі.
  • Тақырыпқа сәйкестігі.
  • Орындау шеберлігі, креативтігі.
  • Өзге адамның жұмысын көшіріп салуға қатаң тыйым салынады.

 

  1. Байқау шарттары:

  Қатысушылар жас ерекшеліктеріне қарай 3 топтарға бөлінеді

  • I топ ( 2-3 кл ): «Анаммен бірге», «Анамның туған күні», «Мен анамның жұмысында».

Қажетті құралдар:   А3 форматтағы қағаз, түрлі- түсті қаламдар (карандаштар), фломастерлер, майлы пастель;

  • II топ  ( 4-5 кл )«Біздің отбасылық мерекеміз», «Әкем, анам және мен-тату отбасымыз», «Жанұямызбен табиғат аясында демалуда».

Қажетті құралдар: А3 форматтағы қағаз, аралас техника 

  • III топ ( 6-7 кл ): ««Менің ата-әжем», «Үлкендерді сыйлаймыз», «Ата-әжемнің қасында өткізген демалыс күндерім».

Қажетті құралдар: А3 форматтағы қағаз, гуашь,акварель.

 

Әр мекемеден әр жас санатынан 1 оқушы қатыса алады ( бір  немесе екі жас санатынан қатысушы болмауы мүмкін).

Салынған суреттердің бетіндегі  ақпарат сұраныстағымен   (№ 1қосымша) сәйкес болу қажет. Ақпарат  жұмыстың оң жақтағы астынғы бұрышында орналастырылады.

 

  1. Байқау өткізілетін мезгілі:
  • Бейнелеу пәнінің мұғалімдеріне арналған семинар 2022ж. 09. сағ 9.30 (3 қабат, №18 каб) өтеді
  • Сұраныстар  2022ж. 09. - 26.09. аралығында   Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. электронды поштаға  қабылданады .
  • Қатысушылар саны шектеулі, сол себептен  өтінімдерді қабылдау мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін.
  • Байқау- 2022ж., 30.09., сағ. 9.00-12.00 «Қалалық оқушылар Сарайы» МКҚК- да өткізіледі
  • Байқаудың нәтижесі 2022ж. 07 қазанында Қалалық оқушылар Сарайының dvorec-aktobe.kz сайтында және dvorec_aktobe инстаграм парақшасында жарияланады.
  • Жеңімпаздардың  дипломдары  2022ж. 07-14.10 аралығында қатысушылардың электрондық поштасына  жіберіледі.

 

  1. Сұраныстың қабылданғанын және  талаптарға сай толтырылғаны жайында мәлімет алу үшін, конкурс ұйымдастырушыларымен МІНДЕТТІ ТҮРДЕ  хабарласу қажет. Басқа жағдайда шағымдар қабылданбайды.

 

  1. Қорытындылау мен марапаттау:
  • Әр жас ерекшеліктеріне қарай бөлінген топтардан  жеңімпаздар айқындалады.
  • Жеңімпаздар  Қазақстандық ЮНЕСКО   Клубтар  Федерациясының  I, II, III  дәрежедегі дипломдармен марапатталады.
  • Қазылар алқасының шешімі  соңғы шешім болып табылады.

 

 №1 қосымша

                                                                                           «Қалалық оқушылар Сарайы»

                                                                                             МКҚК директоры

                                                                                             Н. Мусабековаға

 

Облыстық «Біздің тату жанұямыз»

жас суретшілер байқауына

СҰРАНЫС

Қатысушының аты-жөні

Мектебі, класы

Мекен жайы

Бейнелеу пәнінің мұғалімінің аты- жөні (толық)

Е-mail

Ұялы тел

1.

Николаева Ольга

СШ №3, 5а,

 Ақтөбе  қ.

Еспай Айнагүл Нығыметқызы

Е-mail

 87071477551

 

Мекеме басшысының қолы, мөрі    

                                                                                                                                  

                                                                                      МКҚК «Қалалық оқушылар Сарайы»

                                                                                       Көркемөнер бөлімі

                                                                           Тел.:   87014648571 - Юлия Сергеевна

                                                                                    87011356220- Наталья Михайловна

                                                                                  87082126026 -Мира Ерғалиевна

                                                                                 87021066769 - Жанар Аманкелдиевна