2025 жылғы 18 маусымда жазғы “Жас Жігер” клубының жоспарына сәйкес Қолданбалы өнер үйірмесі мен Қазақ тілі үйірмесі тәрбиеленушілеріне арналған «Қиял әлеміне саяхат» атты танымдық-тәрбиелік тренинг ұйымдастырылды.

Тренингтің негізгі мақсаты – балалардың шығармашылық ойлау қабілетін дамыту, қиял мен еркін ойды ынталандыру болды.
Іс-шара барысында қатысушылар түрлі шығармашылық және қиялды оятатын тапсырмалар орындады. Олар өздерінің ойдан шығарылған кейіпкерлері мен қиял әлемдерін сипаттап, топтық сурет салып, белсенді жұмыс түрлеріне қатысты.