7 қаңтарда Оқушылар Сарайында облыс әкімі Б.М.Сапарбаев келіп, ұстаздар мен тәрбиеленушілермен кездесті. Барлық қауымды жаңа 2017 жылымен құттықтап, алдағы уақытта шығармашылық табыстар тіледі.

Мекемедегі жүргізілген жөндеу жұмыстарының қорытындысын көріп, алдағы уақытта Оқушылар Сарайының материалдық-техникалық жағдайын жақсартуға көмек беретінін айтты.

Оның ішінде мекеменің шатырын және спорт залын күрделі жөндеуден өткізу, және жаңа фортепианолармен қамтамасыз ету. Тағы бір қуантатын жағдай, облыс әкімінің айтуы бойынша Оқушылар сарайының жанына "Art Concert House" салынады.