2021 жылдың 22 наурызындағы бағалау матрицасына сәйкес Ақтөбе облысы сары аймаққа кіргенін білесіздер.
27.03.2021 жылы бір тәулікте КВИ-мен ауырған 62 жағдай тіркелді, оның ішінде ауру симптомдары бар – 42 (Ақтөбе қаласы – 38, Мәртөк ауданы - 1, Ойыл ауданы – 3), симптомсыз – 20 (Ақтөбе қаласы – 16, Қобда ауданы - 1, Мәртөк ауданы - 1, Ойыл ауданы – 1, Шалқар ауданы -1). Аурушаңдықтың өсу деңгейі – 1,3% құрайды.
Жалпы, облыста КВИ-мен ауырған 5020 жағдай тіркелді, оның ішінде 54,7%-ы ауру белгілерімен (2746) және 45,2%-ы симптомсыз (2274) жағдай. 4488 (89,4%) науқас жазылып шықты.
Жалпы тіркелген 5020 науқастың 3,1% (157) сырттан әкелінген, 16,5% (830) ауру адаммен қарым-қатынаста болғандар, 80,3% (4033) жергілікті жағдайлар, оның ішінде 30% (1210) профилактикалық мақсатта тексерілгендер. Қазіргі таңда үй карантиніне 941 адам алынып, оларға медициналық бақылау жүргізілуде.

Қауіп сейілген жоқ, сондықтан, баршаңызды бетперде тағуға, қолды жиі жуып, антисептиктерді пайдалануға, әлеуметтік қашықтықты сақтауға шақырамын.
Осы орайда облыс тұрғындарына түрлі мерекелік іс-шараларды, тойлар мен отбасылық іс-шараларын өткізуге тыйым салынғанын тағы да естеріңізге саламыз.

Сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдар жанынан ұйымдастырылған мобильді топтар тарапынан кәсіпкерлік объектілерінде шектеу карантиндік шараларын сақтау бойынша мониторинг күшейтілетінін еске саламыз.

Бетперде тәртібін, әлеуметтік қашықтықты және карантин талаптарын қатаң сақтаңыздар, қорғаныс құралдары инфекцияның таралуын азайтуға көмектесетінін түсінгендеріңіз абзал.
Өзіңізді және жақындарыңызды сақтаңыздар!

Нұрсұлу Беркімбаева
Ақтөбе облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы