Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Еңбек мамандықтары жылы деп жариялады.
Осыған орай, 2025 жылғы 18 маусымда ЮНЕСКО клубы – «Қалалық оқушылар сарайы» МКҚК «Выбор профессии: шаг за шагом» атты тренинг ұйымдастырды.
Іс-шараға «Импульс» балалар драмалық театрының тәрбиеленушілері қатысты.
Тренингтің мақсаты – оқушылардың қызығушылықтары мен қабілеттерін ұғынып, болашақ кәсіби өмірге оң көзқарас қалыптастыруға жәрдемдесу.
Тренинг барысында қатысушылар түрлі тапсырмаларды орындау арқылы өздерінің болашақ мамандығын анықтауға тырысты. «Профессия будущего», «Мои сильные стороны», «Ассоциации» жаттығуларды орындап, «Устраиваемся на работу» жағдаяттық көріністі сахналады.
«Выбор профессии: шаг за шагом» атты тренинг жылы әрі достық атмосферада өтті.
https://aktobe-dvorec.kz/kz/zhanaly-tar/561-alaly-o-ushylar-sarajy-4.html#sigFreeIdaad4b06173