2025 жылғы 17 маусымда Қалалық оқушылар Сарайының “Дәстүрлі ән” үйірмесінің ата-аналары мен оқушыларына арналған «Домбыра мен ән үйрену әдістері» тақырыбында шеберлік сабағы өткізілді.
Негізгі мақсаты – ата-аналармен өзара ынтымақтастықты арттыру, ұлттық мәдениетті насихаттау және жас ұрпақтың дәстүрлі өнерге қызығушылығын қалыптастыру.
Шара барысында қатысушылар қазақтың дәстүрлі ән өнерімен танысып, домбырамен сүйемелдеу тәсілдерін меңгеріп, практикалық дағдыларын жетілдірді. Сондай-ақ, ән үйренудің тиімді әдіс-тәсілдері ұсынылып, тәжірибе алмасу алаңы ұйымдастырылды. Жетекшісі-Ж. Саметеев.